15/01/2025
«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ-мен бірлесіп «2024-2030 жылдар кезеңіне арналған топырақ, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру жөніндегі шаралар» Жол картасын іске асыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Жұмыс кездесуі аясында облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу Мемлекеттік институты» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалына келді. Сапар барысында жер қатынастары саласындағы өзекті міндеттер бойынша Жол картасын әзірлеуге және іске асыруға байланысты негізгі мәселелер талқыланды.
Қатысушылар жерге орналастыру процестерін жетілдіру, заманауи технологияларды енгізу және ұйымдар арасындағы өзара әрекеттесу тиімділігін арттыру қажеттілігіне назар аударды.
2025 жылғы Жол картасы алаңдарының индикаторларына сәйкес нақты учаскелер анықталды (16-т., 17-т., 18-т.), сондай-ақ «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ үшін картографиялық материалдар ұсынылды, алдын ала болжамды есептеулермен топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру және арттыру бойынша ұсыныстар берілді.
Мұндай кездесулер ынтымақтастықты нығайтуға және өңірдің дамуы үшін маңызды міндеттерді жедел шешуге ықпал етеді.
Совместно с ГУ «Управление земельных отношений Актюбинской области» был проведен круглый стол по вопросам реализации Дорожной карты «Меры по восстановлению и повышению плодородия почв, земель сельскохозяйственного назначения на период 2024-2030 годы»
В рамках рабочей встречи руководитель областного управления земельных отношений посетил Филиал РГП на ПХВ «Государственный институт проведения работ по обследованию земель» по Актюбинской области. В ходе визита обсуждались ключевые вопросы, связанные с разработкой и реализацией Дорожной карты по актуальным задачам в сфере земельных отношений.
Стороны акцентировали внимание на необходимости совершенствования процессов землеустройства, внедрения современных технологий и повышения эффективности взаимодействия между организациями.
Были определены конкретные участки в соответствии с индикаторами площадей Дорожной карты за 2025 год (п. 16, п. 17, п. 18), также для ГУ «Управление земельных отношений Актюбинской области» предоставлены картографические материалы, даны рекомендации по восстановлению и повышению плодородия почв с предварительными примерными расчетами.
Такие встречи способствуют укреплению сотрудничества и оперативному решению задач, важных для развития региона.