23/06/2026
Саяжайымызда тағы бір ерекше кездесу өтті. 🌿
Лұқпан Қылышев атындағы Шилі орта мектебі түлектерінің 20 жылдық кездесуі жоғары деңгейде аталып өтті. Жылдар өтсе де достықтың дәнекері үзілмей, мектеп қабырғасындағы ыстық естеліктер қайта жаңғырды.
Кеш барысында сыныптастар өткен күндерді еске алып, өмір жолындағы жетістіктерімен бөлісіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Осындай мағыналы кездесудің куәсі болғанымызға қуаныштымыз!
Түлектерге зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс тілейміз. Кездесулеріңіз жиі болып, достықтарыңыз мәңгі жасай берсін! 🤝✨