10/10/2023
“САМҒА, САМҒА, СЫРЛЫ САЗ”
ҚР Мәдениет қайраткері, Ахмет Байтұрсынов атындағы медаль иегері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры Сәлімгерей Бақтығалиұлының 50 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті.
Кеш шымылдығы Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі Болат Долдашовтың дирижерлығымен Құрманғазының “Серпер” күйімен ашылды.
Шарада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Парасат”орденінің, иегері Айтқали Жайымов, белгілі композиторлар Еділ Құсайынов, Талғат Мұсабаев, Қырғызстанның еңбек сіңірген артисі Закирбек Дуйшенбек уулу, ҚР Мәдениет қайраткері Ханзада Сахипова, кеш иесінің шәкірті, Астана халық аспаптар оркестрінің концертмейстері Қайрат Жұмағалиев және оркестр әншілері Абдулла Мұқанғалиев пен Айбек Сапановтар өнер көрсетті.
Кеште Атырау облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Сақтайұлы мерейтой иесіне “Дауылпаз” төсбелгісін табыстады.
Сонымен қатар, А.Жайымов “Дауылпаз”, С.Айтбаева “Хиуаз Доспанова атындағы”,
К.Сахарбаева “Тәлімгер” медальдерімен марапатталды.