mesh*t_zhamagaty_

mesh*t_zhamagaty_ Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from mesh*t_zhamagaty_, Real Estate, Отанды сүю/иманнан☝, Pavlodarskiy.

Түркілердің жерұйығы – Өр Алтайдың төрінде. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алтай, арысы Баян-Өлгей қазақтарымен қауыш...
16/07/2024

Түркілердің жерұйығы – Өр Алтайдың төрінде. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алтай, арысы Баян-Өлгей қазақтарымен қауышпақ. Қандас имамдармен жүздеспек. Ағабек Қонарбайұлы
Шырайлы Шарбақты мекеніне ат басын тіреп, сапарын жалғастырған Бас мүфти хазрет, біз туып өскен, кіндік кескен мекенге табан тіремек. Сапары сәтті болсын.

Дүниеңді ұмытпаған секілді, Құраныңды да ұмытпағайсың! Сурет, бізге құтты осыны дегісі келіп тұрған секілді. Құран - ада...
22/01/2024

Дүниеңді ұмытпаған секілді, Құраныңды да ұмытпағайсың! Сурет, бізге құтты осыны дегісі келіп тұрған секілді. Құран - адам баласын екі дүниеде бақытқа жетелейтін, ақ пен қараны ажыратып беретін, ешбір әріпі өзгеріске ұшырамаған бірден бір кітап. Адам баласының өміріне қажетті болған кез-келген түйіткілді сұрақтардың шешімі орын алған “Иләхи” кітап. Бұл кітап әлемде ең көп сатылатын және ең көп оқылатын және ең көп жатталынатын кітап екені бірі білсе, бірі білмейді. Құран оқу - жүрекке тыныштық, жанға дауа, дертке шипа, ризықтың артуы, рухани кемелдену, тағысын тағы. Құран Кәрім қасиетті Рамазан айында түскен. Биылғы Рамазан айына санаулы күндер қалды. Құран оқып үйренуге әрекет жасайық! Әрбір мешіт пен медреседен үйренуге болады.

Амалыңды түзет,түземесең,ешкімге кінә қойма!Беті жаманның айнаға өкпелеуі жөн бе? Ниеті жаманның Аллаға өкпелеуі жөн бе?...
05/01/2024

Амалыңды түзет,түземесең,ешкімге кінә қойма!
Беті жаманның айнаға өкпелеуі жөн бе? Ниеті жаманның Аллаға өкпелеуі жөн бе?

Ахмет Байтұрсынұлы

Алла разылығы үшін күндіз де, түнде де, жасырын да, ашық та беруге рұқсат.الَّذِينَ يُنفِقُونَ أَمْوَالَهُم بِاللَّيْلِ ...
29/12/2023

Алла разылығы үшін күндіз де, түнде де, жасырын да, ашық та беруге рұқсат.
الَّذِينَ يُنفِقُونَ أَمْوَالَهُم بِاللَّيْلِ وَالنَّهَارِ سِرّاً وَعَلاَنِيَةً فَلَهُمْ أَجْرُهُمْ عِندَ رَبِّهِمْ وَلاَ خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلاَ هُمْ يَحْزَنُونَ

«Мал-мүліктерінен күндіз-түні, жасырын немесе ашық садақа беретіндердің сауабы Алланың құзырында дайын. Оларға қауіп-қатер, қайғы болмайды» (2.Бақара-274).

#әржұма500теңгесадақа

АҚША ҚҰНСЫЗДАНҒАНДА ҚАРЫЗ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРЫЛАДЫ?Қарыз – екі тарап арасында мал-мүлікті үстемесіз қайтару шартымен жасалатын ...
23/11/2023

АҚША ҚҰНСЫЗДАНҒАНДА ҚАРЫЗ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРЫЛАДЫ?

Қарыз – екі тарап арасында мал-мүлікті үстемесіз қайтару шартымен жасалатын келісімшарт («Радду әл-мухтар», 5/161). Бүгінгі таңда қаржылық инфляцияға байланысты қарызды өтеу өзекті мәселелердің біріне айналды. Ғалымдар қарыз нысаны әртүрлі болуына қарай оның үкімін төмендегідей бөліп қарастырады.

Біріншіден, егер қарыз алтын, күміс немесе өлшенетін нәрсе болса, құны өзгеруіне қарамастан ұқсасын қайтарады. Бұған барлық ғалымдар бірауыздан келіскен («Рәсаил имам ибн бидин»: 2/105. «Әл-муһаз заб»: 2/81, «Әл-муғни»: 4/244).

Екіншіден, егер валюта қолданыстан шыққан болса, онда қарызды басқа валютамен немесе алтын, күміспен алған күнінің құнымен қайтарады. «Муршиду әл-хайран» атты кітапта: «Егер қолданыстағы фулус (ал тын, күмістен тыс металдардан жасалған ұсақ ақшалар) немесе алтыны, күмісі аз металдан жасалған ақшалар қолданыстан шықса, қарызды алған күнгі құнымен қайтарады», – делінген («Муршиду әл-хайран әла мәзһаби имам Әби Ханифата ән-Нуғман»: 114-бет, 695 мәдда).

Үшіншіден, валютаның құнсыздануына байланысты қарызды қайтару. Бұған байланысты бірнеше көзқарас бар:

1. Көпшілік ғалымдардың көзқарасы бойынша, қарыз қай валютамен берілсе, оны арттырмай және кемітпей сол валютамен қайтару керек («Әл-маусуату әл-фиқһия»: 21/138, Ислам фиқһы академиясының қарарлары: №42 (4/5). Сондай-ақ қарызды беру барысында басқа валютамен қайтаруды шарт ету дұрыс емес. Ал қарызды қайтарып жатқанда басқа валютамен өтеуге келіссе, сол күнгі валюта құнымен өтеудің оқасы жоқ (Ислам фиқһы академиясының қарарлары: №75 (6/8).

2. Имам Әбу Юсуфтың пікірі бойынша, валюта құнсызданған жағдайда қарызды алған күнгі ақшаның құнымен қайтарады. Ханафи мәзһабында осы көзқарас негізге алынады («Радду әл-мухтар», 4/533-534. «әл-Бахру әр-райық», 6/219. «Рәсаил имам ибн бидин»: 2/95).

3. Мәлики мазһабының бір көзқарасында арадағы айырмашылық көп болса, ақшаның құны қайтарылады. Ал аз болса, алған ақшаның өзі қайтарылады («Хашияту Имам әр-Рәһуни»: 2/119). Фиқһ ғалымдары көп пен аздың шегін «үштен бірі» (сулус) деген өлшеммен есептеген. Имам Ахмад: «Ғалымдар үштен бірі деген мөлшерді он жеті мәселеде қолданған. Өйткені үштен бір көптікті, одан азы аздықты білдіреді», – деген («Әл-муғни»: 4/233, «Шарһу әл-Кәбир»: 4/261). Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Сағд бин Әби Уаққасқа (Алла оған разы болсын): «Үштен бірін өсиет етейін бе?» дегенде, «Оның өзі көп», – деген (Бұхари: №3936).

Валюта құнсызданған жағдайда ақшаның құны үштен бірі немесе одан да көп болып, тараптардың арасында дау-дамай туындаса, екі тарап өзара бір бітімге келуі керек. Өйткені қарыздың өзін қайтарса, қарыз алушы, ал құнын қайтарса, қарыз беруші зиян шегіп қалады. Өзара бітімге келе алмаса, қазиға шағымданып, әділ шешімін алады. Хадисте: «Өзіңе де, өзгеге де зиян келтіруге болмайды», – делінген (Ибн Мәжә: №1909).

Ислам фиқһы академиясының №115 (12/9) қарарында: «Тараптар қаржылық инфляция күтіледі деген бол жаммен сақтық шарасы ретінде келісімшартта қарызды өтеу барысында алтын, күміс немесе құны едәуір өзгеріске ұшырамайтын ақша не заттың құнымен қайтаруға келіседі», – делінген (Ислам фиқһы академиясының қарарлары: №115 (9/12).

ҮКІМ:
1. Қарыз алтын, күміс немесе өлшенетін нәрсе болса, құны өзгеруіне қарамастан өзін қайтарады.

2. Қалыпты әрі ақша аз мөлшерде құнсызданған жағдайда қарыз қай валютамен берілсе, сол валютамен қайтарылады.

3. Қаржылық инфляция жағдайында қарызды беру және қайтару уақытындағы ақшаның құны үштен бірі немесе одан да көп болса, онда тараптар өзара бір бітімге келеді немесе қазиға жүгініп, шешімін алады.

4. Инфляция күтілетін жағдайда екі тарап қарызды (алтын, күміс, т.с.с.) бағасы қатты өзгермейтін заттың құнымен қайтаруға келіскен жөн.
ҚМДБ Ғұламалар кеңесі

Павлодар: «Ас беру мәдениеті» құжаты талқыланды.....ҚМДБ Павлодар облысының өкілдігінің ұйымдастыруымен қала мешітінің  ...
13/11/2023

Павлодар: «Ас беру мәдениеті» құжаты талқыланды.....

ҚМДБ Павлодар облысының өкілдігінің ұйымдастыруымен қала мешітінің  имамдары, зиялы қауым, ақсақалдар, ардагерлер, жастар және орта буын өкілдері,  облыстық дін істері басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен «Ас беру мәдениеті» құжаты жөнінде басқосу жиыны өтті.
Жиынға қатысушылар қазалы үйде қазан көтеріп, қонақасы берудің тәртібі туралы кең көлемде ой бөлісті. Бүгінгі таңда қазалы үйде қонақасы беру салты қарапайым өмір әдебі тұрғысынан да, шариғи тұрғыдан да шектен шығып,  ысырапшылыққа жол беріліп келе жатқаны да айтылды. Бұл күні тіптен марқұмның жаназасын шығару, жетісін, қырқын беруден де көп шығын шығатыны, қазалы үйге  рухани тұрғыдан ғана емес, қаржылық тұрғыдан да үлкен салмақ түсіретіні туралы көптеген мысал, дәлелдер ашық айтылды.
Осыған орай басқосуға қатысқан алқалы топтың атынан облыс халқына арнайы Үндеу қабылдауға келісті. Жиында Үндеудің жобасы оқылып, оны уақыт ұттырмай көптің талқысына салып, ұсыныстар қабылдауға шешім шығарды.
«Бұл Үндеу арқылы алдағы уақытта марқұмның үйінде қонақасын беру рәсімін бір қалыпқа түсіретін, ысырапты барынша тежейтін, бір жүйеге келтіретін арнайы құжат қабылданады» дейді облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы. jol .kz .kz .baikhan .pavlo .dar .kz
#астана #алматы #асберу #мәдениетқарағандыоблысы #мәдениет

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазретпен. Республикалық бас мешітт...
05/11/2023

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазретпен. Республикалық бас мешітте ұйымдастырылған жер жаһанның түпкір-түпкірінен келіп бақ сынаған “Халықаралық Құран жарысынан” бір естелік. Алла бас мүфтиімізге жеңілдік берсін. Жасап жатқан еңбегі елеулі.
.taganuly .kz @
#әлем #құран #құранжарысы #мировой #мешіт

Астанада алғаш рет өткен Халықаралық Құран жарысына арнайы келген ұстаздарымызбен естелік сурет. Павлодар облысы бас има...
05/11/2023

Астанада алғаш рет өткен Халықаралық Құран жарысына арнайы келген ұстаздарымызбен естелік сурет. Павлодар облысы бас имамы .

Жолға шыққан жағдайИбн Аббастан келген хадисте: Бір кісі Пайғамбарымыздан: "Ей, Алланың елшісі! Ең абзал амал қайсы?",-д...
13/10/2023

Жолға шыққан жағдай

Ибн Аббастан келген хадисте:
Бір кісі Пайғамбарымыздан: "Ей, Алланың елшісі! Ең абзал амал қайсы?",-деп сұрады. Сонда пайғамбарымыз: "Жолға шыққан жағдай", - дейді. Ол не нәрсе деп сұралғанда ол: "Құранды басынан соңына дейін оқып, соңынан басына дейін оқу", - деп жауап берген екен.

Пайғамбарымыз бұл амалды "жолда кетіп бара жатып бір үйге кіріп аялдап, ары қарай сапарын жалғастырған жолаушыға" ұқсатты.
Жұма қабыл болсын. Кәһф сүресін оқуды ұмытпаңыз.

#жұма #алла #сауап #дұға #мешіт #құлшылық #жұмақабылболсын

Как я сообщал вам на прошлой неделе. В целях поддержки наших братьев и сестер, посещающих школу, я провел ежегодную благ...
23/08/2023

Как я сообщал вам на прошлой неделе.
В целях поддержки наших братьев и сестер, посещающих школу, я провел ежегодную благотворительную акцию «Дорога в школу». По воле Аллаха на сегодняшний день в связи с проведением данного мероприятия в мечети, мы подарили детям подарок от мечети из списка, выданного районным отделом образования. Конечно, не так уж и много, но это радость для маленьких детей, и небольщая помощь для родителей. Сообщается, что по Павлодарской области помощь оказана 600 детям, и мы от нашей мечети потратили щедрые средства неравнодушных граждан в нужное русло. Мы сделали все возможное, в оказании помощи от имени мечети.
Данное мероприятие проводится ежегодно. В текущем году по предоставленному нам списку охвачены дети из отдаленных сёл. В частности, в селе Жана-ауыл 3 ребенка, в селе Галкино 4 ребенка, в селе Чигириновка 3 ребенка, в селе Сынтас 4 ребенка, в селе Щербакты 6 детей, в селе Хмельницкое 1 ребенку были розданы благотворительные рюкзаки с канцелярскими принадлежностями .
Общая затраченная сумма составила 228.680 тенге.
Пусть Аллах будет рад нашим братьям-предпринимателям и всем, кто участвует в этом деле.
Давайте будем активными в общественных делах, оказывать блогатворительную помощь и видеть радость детей это и есть счастье.
Мечеть Қызыр Щербактинского района.
🤝Благотворительная акция Дорога в школу.
23.08.2023г

.k .dar .pavlo kz
#мектепкедайындық #мешіт #оқушы #сумка #оқулық #қайырымдылық #мешіттенсыйлық #білім #тәрбие #бата Алла

➖ العالم كالكعبة يأتيها البعداء و يزهد فيها القرباء ➖ Ғалым - Қағба секілді. Ұзақтағылар оған асыға келеді. Маңайындағыл...
05/08/2023

➖ العالم كالكعبة يأتيها البعداء و يزهد فيها القرباء

➖ Ғалым - Қағба секілді. Ұзақтағылар оған асыға келеді. Маңайындағылар одан теріс айналады. (Яғни
оны тиісінше бағаламайды).

АССАЛАУМАҒАЛЕЙКҮМ!!! Құрметті жамағат. Жұма Мүбарак болсын. Жұма күнгі бір жақсы сауапты амалды өздеріңізге айта кетуді ...
03/08/2023

АССАЛАУМАҒАЛЕЙКҮМ!!! Құрметті жамағат.
Жұма Мүбарак болсын.
Жұма күнгі бір жақсы сауапты амалды өздеріңізге айта кетуді жөн көрдім. Барлық қажылық жасушы мұсылманның орындайтын бір ісі, Мекке мешітіне яғни 🕋(әл Харам) мешітіне сауабы үзілмей тұратын амал деп, 📖Құран сатып алып қояды. (өз атынан, әке шешесі, әйел бала шағасы атынан) қояды.
Осы бір сауапты амалды сізге де жасауға мүмкіндік болсын деп сіздерге айтып жатырмын. (Бұл ерікті нәрсе)
Алла бұйырса, ниетті бар адамдар маған жекеге жазсаңыздар.
Мен сіздер үшін осы амалды орындай алам.
📌 Құранның бағасы 35-40риал тұрады.
Біздің ақшаме 4200-4800тг

📲WhatsApp: 8 775 548 2276 (ХАТ ЖАЗЫҢЫЗ)

Address

Отанды сүю/иманнан☝
Pavlodarskiy

Telephone

+77755482276

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when mesh*t_zhamagaty_ posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Category