И. Ибраев атындағы Ағарту мектебі ЖШС

И. Ибраев атындағы Ағарту мектебі ЖШС Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from И. Ибраев атындағы Ағарту мектебі ЖШС, Real Estate, Turkestan.

03/03/2026

“Алғыс - ізгі ниет”

Алғыс айту күні қарсаңында мектебіміздің ұстаздары өздерінің жүрекжарды алғыстарын жолдайды.

Сіздердің қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз – біз үшін үлкен күш әрі шабыт. Ұрпақ тәрбиесі жолында бірлесе атқарып жатқан еңбегіміз әрдайым нәтижелі болсын!

Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз арта берсін!


03/03/2026

«Алғыс – ізгі ниет»


03/03/2026

«Алғыс - ізгі ниет»


03/03/2026

“Алғыс - ізгі ниет”


Бүгін – жүректегі ризашылық пен шынайы алғыстың мерекесі.Алғыс айту күні – сыйластық пен бірліктің, мейірім мен татулықт...
01/03/2026

Бүгін – жүректегі ризашылық пен шынайы алғыстың мерекесі.
Алғыс айту күні – сыйластық пен бірліктің, мейірім мен татулықтың айқын көрінісі.

Ең алдымен, мектебіміздің білікті басшысы, ұжымның ұйытқысы – мектеп директоры Гүлжан Серікқызына шынайы алғысымызды білдіреміз!
Сіздің көреген басшылығыңыз, парасатты шешімдеріңіз бен ұстаздарға деген қолдауыңыз – мектебіміздің дамуына үлкен серпін беріп келеді. Әр бастамаңыз сәтті болып, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!

Сондай-ақ, мектебіміздің барша ұстаздары мен қызметкерлеріне алғыс айтамыз!
Сіздердің табандылықтарыңыз бен адал еңбектеріңіздің арқасында шәкірттеріміз сапалы білім мен саналы тәрбие алып келеді. Ұжымдағы ауызбіршілік пен ынтымақ – ортақ жетістігіміздің кепілі.

Алғыс айту күні әр шаңыраққа береке, әр жүрекке жылу сыйласын!
Ізгілік пен мейірім жолынан таймай, бірлігіміз бекем болсын!

#АлғысАйтуКүні #Ризашылық #МектепҰжымы #Бірлік #Ағарту #

28/02/2026

Театр – тәрбие мен тағылымның ордасы

Мектебіміздің оқушылары Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры сахнасында қойылған Тынышбай Нұрмағамбетовтің «Табалдырығыңа табын» драмасын тамашалап, ерекше рухани әсер алып қайтты.

Қойылымда ұлттық құндылық, әке мен бала арасындағы байланыс, өмірдің мәні мен адамдық қасиет терең көрініс тапқан. Әсерлі сахна, шынайы актерлік ойын, жүрекке жеткен диалогтар оқушыларымызды бейжай қалдырмады.

Мұндай тағылымды туындылар жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, өнерге деген сүйіспеншілігін арттырады деп сенеміз.

Өнерге жақын өскен ұрпақ – рухы биік елдің болашағы!

#Театр #РуханиТәрбие #Оқушылар #Түркістан #Мәдениет

Мектебімізде «Айбын» ұлдар клубының жылдық жоспарына сәйкес «Қызды қорғау – жігіттің парызы» тақырыбында танымдық тәрбие...
26/02/2026

Мектебімізде «Айбын» ұлдар клубының жылдық жоспарына сәйкес «Қызды қорғау – жігіттің парызы» тақырыбында танымдық тәрбие сабағы ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірім ұл балалардың бойына ер азаматқа тән жауапкершілік, батылдық, ізгілік пен қамқорлық қасиеттерін сіңіру, қыз баланы құрметтеу мен қорғаудың маңызын түсіндіру.

Тәрбие сағаты барысында оқушылар ұлттық құндылықтар төңірегінде ой қозғап, пікір алмасты. Сонымен қатар жағдаяттық сұрақтар талқыланып, өмірлік мысалдар арқылы қыз баланың қоғамдағы орны мен абыройын сақтау – әр жігіттің азаматтық борышы екені кеңінен түсіндірілді.

Осындай тағылымды шаралар өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік пен мәдениетті қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған.

#АйбынҰлдарКлубы
#ТәрбиеСағаты
#ҰлттықҚұндылықтар
#ҚыздыҚұрметтеу

Address

Turkestan

Opening Hours

Monday 09:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 17:00
Friday 09:00 - 17:00

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when И. Ибраев атындағы Ағарту мектебі ЖШС posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category